Советхан Баянұлы Тілеубаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты. М.С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, ҚР ІІМ Алматы Академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын мемлекеттік жолдамамен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында оқытушылық қызметтен бастап, аға оқытушы, филология факультетінің деканы қызметін атқарған. «Арқалық батыр жырының нұсқалары» тақырыбы бойынша диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. С.Б.Тілеубаевтың ғылыми жұмыстарының негізгі бағыттары: қазақ әдебиетінің тарихы, фольклор, тарихи жырлар, шетелдегі қазақтардың фольклорын зерттеуге арналған.Тарихи жырға арқау болған тарихи шындық пен көркемдік қиялдың арақатынасы, Қытайдағы қазақ фольклор тануының деңгейі және т.б. өзекті мәселелер жөнінде зерттеген. Әр елдерде өмір сүрген қазақтар бертінге дейін Коммунистік идеологияның кесірінен бір-бірінің рухани әлемінен бейхабар болып келгендігі туралы мәселелерге назар аударған. Екінші бағыты: қазақ әдебиетіндегі шығыстық дәстүр, шешендік өнер, жыраулар поэзиясын қарастыруға арналған. Советхан Баянұлы Тілеубаев 1 монография мен 3 оқу құралының, 30-ден астам мақаланың авторы. С.Б.Тілеубаевтың 1 авторлық куәлігі бар. Сондай-ақ С.Б.Тілеубаев ҚР ІІМ Алматы Академиясының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, кафедра бастығының орынбасары, кафедра бастығы, ҚР ІІМ Алматы Академиясының қазақ және орыс тілдері кафедрасының профессоры, Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар Академиясының «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдарының ардагері, полиция полковнигі. ҚР ІІМ-нің «Құрмет грамотасымен», «Қазақстан полициясына-20 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Ішкі Істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 10 жыл », «Ішкі Істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін 15 жыл» медалдерімен марапатталған.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1989

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
23.06.2008
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0